Адал ұрпақ
2019 жылдың «Adal azamat – jarqyn bolashaqtin kepili» атты облсытық акциясы аясында «әл-Фараби» мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерімен бірге мектеп оқушыларына арналаған көптеген іс-шаралар өткізілді.
«әл-Фараби» мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы ақпарат
«әл-Фараби» мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» клубы жұмыс істейді. «Адал ұрпақ» клубының құрамы жасақталған. Арнайы жоспары бекітілген. Жоспарға сай сыныптарда тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.
«әл-Фараби» мектеп-лицейінің 4-11 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» клубының алғашқы отырысы өтті. Алғашқы кездесуге 5а,5ә,6ә,7а,7ә сынып оқушылары қатысып, адамгершілік қасиеттердің ішінде адалдық, сыпайылық, әділеттілік, адал дос ұғымдарының мәні ашылып, мысалдар келтіре отырып, бейнефильмдерді тамашалап, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сыбайлас жемқорлық ұғымыныңы мәні ашылды және алдағы өткізілетін жұмыс жоспарымен таныстырылды.
Жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы орасан екенін бәріміз де жақсы білеміз. Сондықтан жас ұрпақтың бойына адалдық секілді ізгі қасиетті сіңіру арқылы елімізге қаупі зор сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға болады. Әрине, ең алдымен, бұл орайда ұстаздар мен ата-аналарға жауапкершілік жүктелуде. Әл-Фараби мектеп-лицейінде бұл мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Атап айтар болсақ, 3"Ә" сыныбының оқушылары Ардақ Мәжитқызының жетекшілігімен "Жауапкершілік құндылықтары" тақырыбында өткен сынып сағатында өз ойларын қағаз бетіне сурет арқылы түсірді.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ іс» - тәрбиелік іс-шара Қоғамды жегі құрттай құртатын «жемқорлық - зор індет» екенін жас ұрпақтың санасына осы бастан сіңіру үшін 3 "А" сыныбының жетекшісі Әсем Қуанышқызы өз оқушыларымен танымдық шара өткізді. Шара барысында ойын арқылы сыбайлас жемқорлықтың не екенін оқушылар түсінді. Сондай-ақ, адалдық, әділдік ұғымдарының мағынасы ашылды. Бейнефильмдерді тамашалау арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді және оны жою жолдары жайлы оқушылар өз ойларын айтып, өмірден мысалдар келтіріліп, «өз еңбегіңмен табысқа жетуге болады» деген ой түйінделді.