Ата-аналарға
Ата-аналар назарына!
Жаз – балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Ал ата-аналар өте мұқият болуы керек, себебі демалыс орындарында түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн. Оны балаларыңызға айтып қойған артық етпейді.
Жазда судағы қауіпсіздік ережесі
Отбасылардың барлығы ыстық күндері балаларымен бірге суға шомылуға барады. Ересектер де, балалар да рақаттана суға түсіп, күнге күйіп, таза ауамен демалады. Суға шомылуға барарда мына ережелерді ескерген жөн:
- Балаға сіздің қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеңіз;
- Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе жеңдікпен жіберіңіз;
- Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын ойнауына рұқсат бермеңіз. Оның орнына қуыспақты да, тығылыспақты да жағажайда ойнауларын өтініңіз;
- Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын бақылаңыз;
- Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін арнайы күннен қорғайтын құрал жағып қойыңыз.
Жазда табиғаттағы қауіпсіздік ережесі
Егер отбасыңызбен табиғатқа (орман, саябақ) шықсаңыз, мына ережелерді есте сақтаңыз:
- Мұндай жерлерде әдетте, кене көп болып келеді. Сондықтан балаға жабық шалбар мен жабық аяқ киім кигізген жөн. Шалбар балағын шұлыққа салып қойыңыз;
- Балаға ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіріңіз. Олар улы болуы мүмкін;
- Сона, ара секілді жәндіктердің шағуын болдырмас үшін олар бар кезде қозғалмай тұру керектігін айтыңыз;
- Мүмкіндік болса, баланы қараусыз қалдырмаған жөн.
Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік ережелері
Қауіп тек демалыс орындарында емес, балалар алаңында, жолда немесе қоғамдық орындарда да болады. Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс:
- Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;
- Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз;
- Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;
- Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсіндіріп айтыңыз;
- Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде, әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз;
- Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.
«әл-Фараби» мектеп - лицейіндегі ата-аналар комитетінің жұмысы туралы ереже.
І. Жалпы ережелер
- «әл- Фараби» мектеп- лицейінің өздік басқару ұйымы болып табылатын ата-аналар комитетінің іс- әрекетін іске асырады.
- ата-аналар жиналысына бағынады және есеп береді. Комитеттің қызмет мерзімі – 1 жыл.
- тәрбие жөніндегі орынбасары енеді.
- «әл- Фараби» мектеп- лицей ережесіне, жарлығына және осы ережеге сәйкес комитеттің іс-әрекеті жүзеге асырылады.
- комитеттің шешімі ғана маңызды.
ІІ.Комитеттің негізгі міндеттері
- қолғабыс етеді:
- білім процесінің жүзеге асуына, оқушылардың өмірін сақтау мен денсаулығына жағдай жасауға;
- оқушылардың мүддесі мен құқығын қорғауға;
- жалпымектептік іс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткізілуіне;
- отбасындағы баланы жан-жақты тәрбиелеудің мағынасын, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы жұмыстар ұйымдастыру.
ІІІ.Жалпымектептік ата-аналар комитетінің қызметтері
- және кеңес беру жұмысын жүргізеді.
- іс-шаралардың өтілуіне қолғабыс етеді.
- дайындығына қатысады.
- басшылығымен бірге оқушылардың сапалы тамақтануы мен медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуын бақылайды.
- мен өткізілуіне көмек көрсетеді.
- «әл- Фараби» мектеп- лицей өмірі мен дәстүрін насихаттау мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен бірге жұмыс істейді.
- кәмелетке толмаған оқушылардың арасында құқық бұзушылық, бақылаусыздың
алдын алу мәселелері бойынша бірге жұмыс істейді.
- өткізу мәселелері бойынша «әл- Фараби» мектеп- лицейдің басқа өздік басқару ұйымдарымен бірге жұмыс істейді.
құқықтары
Осы ережедегі құзыреттілікке сәйкес комитеттің құқығы:
- басқармасына және басқа өздік басқару ұйымына өз ұсыныстарын айтуға, олардың шешімі жайлы ақпарат алуға;
- ұйымдарынан ақпарат алуға және тыңдауға;
- шақыруға;
- локальді актілерін талқылауға қатысуға;
- тәрбиесінен бас тартқан ата-аналарға қоғамдық қаулы шығаруға;
- тұрақты немесе уақытша комиссия ұйымдастыруға;
- ата-аналар комитеті жайлы, комитеттің тұрақты және уақытша комиссиясы жайлы);
Комитет жауап береді:
- ұсыныстарының орындалуына;
- басшылығы мен оқушылардың ата-аналары арасында отбасылық және қоғамдық тәрбие сұрақтары бойынша түсінушілікті орнатуға;
VI. Жұмыстың ұйымдастырлуы.
- жылына 2 рет жалпымектептік ата-аналар жиналысында есеп береді.
- өз құрамының жартысынан кем болмаған жағдайда отырыста шешім шығаруға құқылы.
- «әл- Фараби» мектеп- лицей басшысы мен комитеттің төрағасы қол қояды.
- жүргізу.
- іс-қағаздар жүргізуі негізінде комитет өз отырыстары мен жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасын жүргізеді.
- Хаттамалар «әл- Фараби» мектеп- лицейінің сақталады.
"әл-Фараби" мектеп-лицейінде 5-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысының №2 хаттамасы
"әл-Фараби" мектеп-лицейінде 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысының №3 хаттамасы
"әл-Фараби" мектеп-лицейінде жалпымектептік ата-аналар жиналысының №4 хаттамасы
"әл-Фараби" мектеп-лицейінде жалпымектептік ата-аналар жиналысының №5 хаттамасы
Ата-аналарға арналған жаднама
Балаларға арналған жаднама
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын құру туралы бұйрық
22 қыркүйек күні "Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бойынша" сабақтан фотосуреттер