Мектептік тамақтану жаңалықтары
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ- ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ. СОНДЫҚТАН ТАМАҚТАНУҒА ЕРЕКШЕ КОҢІЛ БӨЛГЕН ЖӨН. ТАМАҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛҒАНЫ ДҰРЫС. «ӘЛ-ФАРАБИ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ. БАСТАУЫШ ОҚУШЫЛАРЫН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН. ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДАҒЫ 4 ЖҰМАНЫҢ АС МӘЗІРІ.
Мектеп-лицейіміздің 3Ә сынып оқушыларына "Денсаулық құпиялары" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: "Оқушылардың
өз денсаулығына қамқорлық жасау дағдылары мен біліктіліктерін дамыту.
Міндеттері:
- Салауатты өмір сүру салтын құрастырушы негізгі ұғымдар туралы түсінікті жетілдіру;
- Денсаулықты сақтаудың негізгі әдістерімен таныстыру;
- Оқушылардың осы әдістері күнделікті өмірде қолдануға баулу.
Оқушыларға денсаулық сақтаудың негіхі туралы мәлімет беру.
Оқушыларға дұрыс тамақтану туралы мәлімет беру мақсатында 2 сынып оқушыларына "Егер сіз сау болғыңыз келсе" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидатын, салауатты өмір салты ережелерін сақтауға дайындығы туралы түсініктерін қалыптастыру.
1-сынып оқушыларымен "Дәрумендер әлемі" атты лекция-сабақ өтті.
Сабақ мақсаты: Балаларға дәрумендер және олардың денсаулыққа тигізер пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Баланың шығармашылық қабілетін арттыру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, түстері мен пішіндерін ажыратуға, тазалыққа баулу.
"Гигиена ережелері" атты сынып сағаты. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіре отырып, ол үшін тазалық пен жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында 2-сынып оқушыларымен "Гигиена ережелері" атты сынып сағаты өтті.
"Ас-адамның арқауы"- демекші, Биылғы 2023-2024 оқу жылының ерекшелігі мектептеріміздің 1-4-ші сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қыркүйек айынан бастап мектеп-лицейіміздің 1-4-ші сынып оқушылары да тегін, сапалы тамақтан жүр. Әр күн сайын асхананың санитарлық жағдайы мен тамақтардың сапалық құрамы тексерістен өткізіліп, бақыланып отырады.