Психологиялық қызмет

Құрметті ата-аналар! Өздеріңізге белгілі мектебімізде психологиялық -педагогикалық сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық қызметтің міндеті- оқу процесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму жағдайын психологиялық – педагогикалық талдау, негізгі проблемалар мен олардың туындау себептерін анықтау, оларды шешу құралдарын айқындау.

Психологиялық әлеуметтік жұмысын ұйымдастыру туралы БҰЙРЫҚ

Бес бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі:
- Диагностика;
- Кеңес беру жұмысы;
- Ағартушылық және психопрофилактикалық қызметі;
- Дамыту және түзету жұмысы;
- Әлеуметтік диспетчерлік жұмыс.
Мектеп басшысы ата-аналар жиналысында атап өткендей, мектебімізде штаттық қызметте - педагог-психолог Гаппасова П.О. қызмет істейді. Жеке сұрақтарыңыз бойынша қабылдау күндері дүйсенбі- жұма күндері аралығы сағ: 08-17:00 дейін.
Психологиялық-педагогикалық сүймелдеуді өткізу туралы «әл-Фараби» мектеп-лицейі - ата- аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді хабардар ету формасын толтыруды сұрайды. Сұрақтарыңыз бойынша – 87013275981 нөміріне хабарласуға болады.

Сенім телефоны - кез-келген адам анонимді түрде хабарласып, өмірде кезіккен қиын жағдайы туралы айтып және кез-келген сұрағына жауап ала алатын қызмет.
Сенім телефонына ұлтына, жынысына, денсаулық жағдайына қарамастан әрбір адам хабарласа алады. Әр адамның өтініші тыңдалады және көмек алу құқығы бар. Және бұл көмек әрқашан тегін және анонимді түрде қаралады. (кім, неге хабарласқаны жөнінде ешкімге хабарланбайды) Бұл өте маңызды! Сенім телефоны қандай да бір қиын жағдайға тап болған адамға қолдау табу, өз жағдайын байыппен, ақылмен отырып шешу және нақты бір шешімге келу мүмкіндігін береді.

Сенім телефонының жұмыс істеу қағидалары:

Абонент те, кеңес беруші де аты-жөнін, өзінің жеке деректерін хабарлауға міндетті емес;

Кеңес берушінің лақап аты, болуы мүмкін немесе оны атамаса да болады, абоненттің телефон нөмірі белгіленбейді;

Әңгіме мазмұны жазып алынбайды және басқа адамдарға берілмейді;

Әрбір қоңырау шалған адам жеке тұлға ретінде құрметтеледі.

Буллинг жоспары2023-2024жж

Психологиялық қызметтің 2024-2025оқу жылына жоспары

Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бұйрық