Қауіпсіз болашақ

5-9 сыныптарда "Қауіпсіз болашақ" атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Мектепте оқу - тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп ережелерімен таныстырды.
Мектепте болған уақытта, сондай-ақ жолда, үйден шыққанда және кері қайтқанда жарақаттану; жүйкенің жұқаруы, психикалық бұзылулар, шамадан тыс ақыл-ой жүктемелері; зиянды өмір салтының және қоғамға жат қылықтардың қалыптасуы. Оқушылардың физикалық, психикалық және рухани денсаулығындағы ауытқушылықтармен немесе бұзылулармен қатар мектепке барғанда олар әртүрлі ТЖ-дың ықпалына тап болуы мүмкін: стихиялық апаттар: жер сілкінуі, дауыл, экстремалдық температура, сел; жұқпалы аурулар эпидемиялары, әсіресе карантиндік және аса қауіпті жұқпалар; техногенді ТЖ: өрт, жарылыс, қирау, химиялық улану, радиоактивтік ластану және т. б