"Ағасы бардың -жағасы бар" тақырыбында кездесу кеші
Мектеп-лицейімізде 9 ақпан ағалар мектебінің мүшелерімен "Ағасы бардың -жағасы бар" тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: Ағаның іні мен қарындасына деген қамқорлық сезімін ояту. Аға мен іні арасындағы қарым-қатынастың сырын ашу.
Жасы кіші ініні
Ақылы артса, аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап, жаға тұт- демекші, ағаның іні мен қарындас алдындағы орнын бағалауға баулу.