"Оқушыларда жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру мақсатында оқу процесін ұйымдастырудың стандартты емес әдіс-тәсілдерін қолдану" тақырыбында облыстық семинар
"әл-Фараби" мектеп-лицейінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер ұстаздарының ұйымдастыруымен "Оқушыларда жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру мақсатында оқу процесін ұйымдастырудың стандартты емес әдіс-тәсілдерін қолдану" тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің ұстаздарымен қатар "Қаладан ауылға" жобасы аясында Шал ақын ауданынан Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол мектебі, Ақсу негізгі мектебі, Бірлік негізгі мектептерінің ұстаздары да қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Қонақтарды қарсы алып, тіркеп, мектеп-лицейдің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Тәжірибе алаңында түрлі тәжірибелер көрсетілді. Алгебра, Физика, Химия, Биология пәндерінен ашық сабақтар өтті. Шеберлік сыныбында ұстаздар сан түрлі сұрақтарға жауап беріп, тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті. Семинар соңында кері байланыс жасалып, қонақтарымыз пәндік қоржындарын толтырып тарқасты.