Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
Мектеп-лицейімізде 12-16 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы басталды. Апталықтың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болады. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік жұмыстармен ұштасады. Сол себепті ааталық жоспарында бірнеше сыныптан тыс іс-шаралар жоспарлануда.
Апталықтың алғашқы күні 7.30- да мұғалімдер мен оқушыларды қарсы алудан басталды. Ұстаздарға ашылу салтанатына шақырту қағаздары таратылып, түрлі сұрақтар қойылды. Жауап берген оқушылар мен ұстаздар ыстық бауырсақпен марапатталды.
9.35-те апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқылып, бейнефильм көрсетілді. Апталық жоспары таныстырылды.