"Шұғаның белгісі - әдеби мұра" атты іс-шара
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы жоспарына сәйкес 9 "А" және 9 "Ә" сыныптары арасында " Шұғаның белгісі - әдеби мұра" атты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: оқушылардың бойына әдебиетке, кітап оқуға деген махаббаттарын ояту, қазақ жазушыларының бағалы туындыларымен таныстырып, 'Шұғаның белгісі' шоқтығы биік, қайталанбай, үлгі боларлық, таза, мөлдір туынды екендігіне оқушы көзін жеткізу. Бұл шығарманың бізге берер құндылықтары өте көп екендігін түсіндіру.