1"Ә" сыныбының әліппемен қоштасуы

21 желтоқсан 1"Ә" сыныбында іші сырға толы қасиетті көк сандық, яғни әліппемен қоштасу, рахмет айту тойы өтті. Осыдан 4 ай бұрын ата-аналары жетектеп 1-сынып табалдырығынан аттатқан бүлдіршіндер бүгін сауат ашып, білім алып, мектеп сатысының бір кезеңін артқа қалдырды. Бұл кезең Әліппе кезеңі.