Аттестаттау ережелерінің жаңа жобасы

2024жылдың 12 наурызында мектеп-лицейіміздің мұғалімдері педагог қызметкерлерді аттестаттаудың өтпелі кезеңінің ерекшеліктерімен және жаңа аттестаттау ережелер жобасымен танысты. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Н. Б. Камзин педагогтардың аттестаттаудан өткізу қағидаларымен, бағалаудың ерекшеліктерін, академиялық адалдық шарты, оқу сапасының, жетістіктердің маңызы туралы атап өтті. Жиын барысында ұстаздар туындаған сұрақтарын қойып, жауап алды.