Оқушыларға көпшілік мамандықтар туралы түсінік беру

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері, оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру. Сол мақсатта бүгін 10-сынып оқушыларымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жусалина Гүлнар Әділханқызымен кездесу өтті. Мемлекеттік қызметші – қоғам мен билік арасындағы дәнекер. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Осы орайда мемлекеттік қызметші болып, қалай орналасуға болады және жұмыс жүйесінің атқарылуы жайында оқушыларға көптеген ақпараттар берді.