5-6 сынып оқушыларына қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат
Мектеп-лицейіміздің 5-6 сынып оқушыларына қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. Әрбір оқушы және ата-ана қауіпсіздік ережесін міндетті түрде білуі керек.
Қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау түрі қауіптің алдын алып, жарақат алудан немесе басқа оқыс жағдайлардың алдын алады.
ЕСКЕРТУ: Бөгде адамдардың көлігіне отыруға, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салынған! Бейтаныс адамдарға есікті ашуға, электрқұралдарымен, қауіпті заттармен ойнауға болмайды. Жануарларға жәбір көрсетуге болмайды. Жалған телефон соғуға және бөгде затты кездестіргенде оны алуға болмайтындығы туралы ескерту жасалды.