Мектепішілік пәндік олимпиада
Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды қалалық және Республикалық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес қараша айының 10-і қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, география, химия, физика,информатика, биология, қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерінен мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 9-11-сыныптардан - 74 оқушы, 5-6 -сыныптардан - 37 оқушы қатысты.