"Достық - алтыннан қымбат" тақырыбында сынып сағаты

Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. 7 "Ә" сынып оқушыларымен Достық - алтыннан қымбат" тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар бір-біріне ыстық ықыластарын білдіріп, достық туралы мақал- мәтелдердің мағынасын ашты. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін шынайы достық. Сабақ соңын "Нағыз досыңның болғанын қаласаң - дос бол" ұранымен аяқтады.