Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 01 қыркүйегіндегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" жолдауында Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Еліміздің алдағы күндерге қойған мақсат-міндеттерін айта келе, отбасылық-демографиялық саясатқа ерекше тоқталды. Өскелең ұрпақтың психикалық саулығының өте маңызды екендігіне тоқталып, қоғам балалар үшін қауіпсіз болу керектігін қадап айтты. Балалар мен жас өспірімдердің зрлық-зомбылыққа, түрлі қысымға ұшырамау жолында талай жұмыстар атқару керектіг түсіндірілді. Ол үшін сенім телефондары жұмыс істеп, қоғам балалар мен барлық қазақстандықтар үшін де қауіпсіз болуы шарт деді. Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қатысты жаза күшеймек.
Сонымен қатар мемлекет басшысы әсіресе ғылым мен білім, ауыл шаруашылығы, ауылдың әлеуеті, өндіріс, салық жүйесі, кәсіпкерлік, сауда-саттық туралы да нақты тапсырмалар берді. Бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Елді газбен қамту қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды жалғасады. Сондай-ақ тұрғындардың әлеуетін ең әуелі олардың табыс көлемінің артуына байланысты екені анық. Табыс көзінің төменгі шектік деңгейі де өсетін айтып өтті. Су мәселесі де басты назарда.
Президент жолдауы барша қазақстандықтар үшін жаңа бір бағыт айқындап өтті. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!