Полиция аға лейтенанты "Нашақорлықтың алдын алу. Есірткі заттарының зияны туралы" лекция жасады

Мектеп-лицейіміздің 9-10 сынып оқушыларына ОҚО ДПБ УПН жедел уәкіл, полиция аға лейтенанты Попова Зарина Садуовна "Нашақорлықтың алдын алу. Есірткі заттарының зияны туралы" лекция жасады.
Нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер, адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде еркін пікір алмасылды.