«Бірыңғай "Жас Ұлан" және "Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп-лицей оқушыларын қабылдау рәсімі
Бүгін Республика күні қарсаңында Бүгінгі жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай "Жас Ұлан" және "Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп-лицей оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.