Қазақ аналары қоғамымен кездесу

«Мен мықты болсам- Қазақстан да мықты» атты психологиялық-денсаулық онкүндігі аясында мектебіміздің 8,9,10-сынып қыз балаларымен "Қыздарға нәзіктік жарасады" тақырыбында қазақ аналары қоғамымен кездесу өтті.
Президентіміздің бастамасымен әр облыста "Қазақ Аналары - салт-дәстүрмен "қоғамдық орталықтары ашылып, бүгін біздің қыз балаларға адамгершілік, адалдық, жүріс-тұрыс дағдысын, қыз намысы, сымбаттылық туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балаларымыздың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, тазалық сияқты қасиеттері туралы әңгіме жүргізілді.