11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар
Кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны мен ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттермен ұштастырып, дамуға сай саналы түрде бағыт береді. Осы мақсатта мектебімізге СҚО полиция департаменті тәрбие және кадр басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Зарина Ерланқызы мен Жандос Асылбаев өз мамандықтарының құндылығы мен міндеттері жайлы осы мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында көптеген ақпараттар берді.