Барлық жаңалықтар
Бүгін "әл-Фараби" мектеп-лицейіне 3 қалалық емханадан "Салауатты өмір салты" кабинетінің мейірбикесі Абдешова К. Т. келіп, жоғарғы 9-11-сыныптың қыз балаларына "Кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасты болдырмаудың алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды.
Балаларға жол ережесін түсіндіріп, жол белгілерінің қандай қызмет атқаратынын айтып, білімдерін кеңейту мақсатында бастауыш сынып оқушыларымен "Жолда жүру ережесін білесің бе?" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Мектеп-лицейіміздің 8"А" сынып оқушысы Боташ Әділбек Астана қаласында өткен Жақсылық Үшкемпіров атындағы республикалық жарыста еркін күрестен қанжығасына алтын медаль байлады. Әділбекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да үлкен еңбек пен күш-жігер...
Ата-аналар назарына! Әлеуметтік желілерде жасөспірімдер арасында "Жүгір немесе өлесің" атты қауіпті ойын таралғаны туралы айтылды. Сондықтан балаларға жол апатына түсіп, мүгедек немесе қаза болуы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасау...