Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары


















Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы

Қамқоршылық кеңес бойынша есеп

Хаттама ПС

Қамқоршылық кеңестің жұмыс ережесі
Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің

жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына өзгерісенгізуіне байланысты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығы негізінде

«әл-Фараби» мектеп-лицейі КММ 2021-2022 жаңа оқу жылында «Ақниет» қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамының құрылуымен және қамқоршылық кеңес құрамына ұсыныстарды қабылдау туралы хабардар етеді.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.
8. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.
9. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
10. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады. Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.
11. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша оның қызметін Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
12. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.
13. Қамқоршылық кеңестің хатшысы білім беру ұйымдары қызыметкерлері арасынан тағайындалады және ол Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды. Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді;

Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі.
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

9) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

10) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.







"әл-Фараби" мектеп-лицейінің "Ақниет" қамқоршылық кеңесінің отырысының № 2 хаттамасы

"әл-Фараби" мектеп-лицейінің "Ақниет" қамқоршылық кеңесінің отырысының № 3 хаттамасы

«Ақниет» қамқоршылық кеңесінің отырысының
Хаттамасы №4

Өтетін күні: 26 мамыр 2023 жыл
Күн тәртібінде:
1.2022-2023оқу жылының оқу-тәрбие үрдісінің ұйысдастырылуының қорытындысы
2. Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі, еңбекпен айналысуы,жазғы демалыстың ұйымдастырылуы
3.Қамқоршылық кеңесінің жұмысын қорытындылау


"әл-Фараби" мектеп-лицейінің "Ақниет" қамқоршылық кеңесінің отырысының № 4 хаттамасы