Жаңалықтар

«әл-Фараби» мектеп-лицейінің 2022 жылдың мектеп түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестатты табыстау салтанатты жиыны өтті. Жаңа Қазақстанның көркеюіне, гүлденуіне үлес қосатын ,еліміздің көк байрағын желбіретіп, Гимнін асқақтататын, егеменді еліміздің ертеңі мен болашағын, ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін жаңа Қазақстанның азаматтары деп сенім артқан 2022 жылдың 28 түлегі жалпы орта білім туралы аттестат алып, үлкен өмірге қадам басты.