Жаңалықтар

«Бала еңбегін қанауға жол жоқ!»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізеді

Осы науқанның мақсаты балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады. Осыған байланысты жұмыс жоспары жасалып, ата-аналарды да балалар еңбегін қанауға жол жоқ екендігіне хабардар етіледі.

Ақпараттық науқанның міндеттері: ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның назарын балалар еңбегін қолдану проблемасына, оның ауқымы мен сипаттамаларына, оның бала мен қоғам үшін салдарларына аудару, жұртшылықтың құқықтық хабардар болуы;