Жаңалықтар

2023 ж. 21 ақпанда жалпы мектептік ата-аналар жиналысында педагог-психолог П.О.Гаппасова сөз сөйлеп, ата-аналарға булингтің алдын алу бойынша кеңестер беріп, жанынамалар таратты.

Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Қазақта: «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса , есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек?» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп бекер айтпаса керек.
Ата-анаға кеңес БУКЛЕТ