Жаңалықтар

Білім алушылар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды дәріптеу, ұлттық саналарын қалыптастыру, ұлтжандылыққа баулу, қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ашып көрсету; білім алушылардың салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша білім деңгейлерін бағамдау, ұлттық мәдениетімізді насихаттау мақсатында мектеп-лицейіміздің 10 сыныптарымен "Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз?" атты сайыс ұйымдастырылды. ші: Ендеше, сайыс кезеңдерімен таныс болайық. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1 кезең – "Ұлттық тағамды таныстыру";
2 кезең – «Бөшкедегі басқатырғылар» (жұмбақ шешу).
3 кезең – «Шешендік өнер» (мақал-мәтел сайысы).
4 кезең – «Ұлттық қолөнер». Қатысушыларға 1 парақ ақ қағаз және түсті қағаз беріледі. 5 минут уақыт ішінде олар түсті қағаздан ою ойып, ақ параққа жабыстыру арқылы ұлттық төсеніш – сырмақты жасап шығарды. Бұл турда олар қиялдарына ерік беріп, креативтілік, шынайылық, жылдамдық, ептілік, ұшқыр ой, шеберлік танытты. Өнер туындылары 10 ұпаймен бағаланды.
5 кезең – «Бәйге». Әр командаға ұлттық дәстүрлерімізге, құндылықтарымызға, әдет-ғұрыптарымызға байланысты 10 сұрақтан қойылды. Әрбір дұрыс жауаптар 1 ұпайға бағаланды.
6 кезең – «Киелі сандар» деп аталады. «3», «4», «5», «6», «7». Олар таңдаған санға байланысты қазақ халқында қалыптасқан қасиетті сандарға байланысты ұғымдарды айтып берді. Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланды.