Жаңалықтар
14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Бүгін мектеп-лицейіміздің 6"Ә", 6"А" сыныптарымен көрісу мерекесі өтті. Ән-күй айтылып, салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, шашу шашылды. Би билеп, той тойланды.
Бір жасыңыз құтты болсын!
Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп
Бүгін мектеп-лицейіміздің 6"Ә", 6"А" сыныптарымен көрісу мерекесі өтті. Ән-күй айтылып, салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, шашу шашылды. Би билеп, той тойланды.
Бір жасыңыз құтты болсын!
Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп