Жаңалықтар

Қыз тәрбиесі- киелі ұғым. Олай дейтініміз бүгінгі қыз-ертеңгі ана. Әр халық өзінің ұрпақ жалғастығын, отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің бастауы деп қыздарын тек жақсылыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеген. Бойжеткеннің абыройлы ізгілігін, жан сұлулығын, еңбекқорлығын, ақыл-парасатын ең құнды қасиеті деп бағалаған.


Қыздарымыздың рухын биіктетіп, жанын нәзік, жүрегін мейірімді, ой-түйсігін ұшқыр ғып жастайынан баулу керек. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып
өсуі үшін жасынан-ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді- деген екен. Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығымен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының болмысы, мінезі мен жүріс-тұрысы, ақылы, шеберлігі, өнері бағаланып, болашақ қазақ елінің ару қыздарының бейнесін сомдау мақсатында 8 наурыз аналар мен қыздар мерекесі қарсаңында «Әл-Фараби» аруы-2023» атты қыздар байқауы өтті. Байқау 5 асудан тұрады:
1 Асу. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
- Ұлттық киім.
- Қос бұрым.
- Қатысушылар өздерін сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырды.
2. Асу. «Қазақ руханияты-менің жүрегімде» даналық ұғымдардың мағынасын ашты.
3. Асу. «Қазақтың қызы өнерімен сүйкімді». Бойға дарыған өнерді көрсете білді.
4. Асу. «Қазақ қызының ойы озық» интеллектуалдық сайыс сұрақтарына жауап берді.
5. Асу. «Қазақ қызы- кестесімен көркем» Әр қыз қазақтың ұлттық қолөнері бойынша сынға түсті. Қыздарға қойылған асу шарттары да мәресіне жетіп, әділ қазы алқалары өз бағаларын берді.