Жаз мезгілі демалыс кезіндегі балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі

Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Әдетте, жүзе алмайтын балалар белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықтан суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.
Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады.
  • Мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс.
  • Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет.
  • Суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек.
  • Едәуір ересек балалар суда жүзе білу және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін біліп қана қоймай, судағы қиын жағдайларда өзін ұстай білу машығын да меңгеруі қажет. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігін, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетуді және т.б. білуі қажет.
  • Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;
  • Кемеге жақын жүзуге болмайды;
  • Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
  • Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;
  • Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
  • Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;
  • Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.

Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?
  • Суға тамақтанғаннан кейін бір жарым сағаттан соң шомылуға болады;
  • Егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;
  • Су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;
  • суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек.
  • Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз).
  • Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз.
  • Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз;
  • Балаларды қараусыз қалып қойған жағдайда, қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.