Жазғы лагерь
Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануына ең алдымен, баланы әлеуметтік қорғау және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,мәдениетін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Күн тәртібі
1. Қабылдау 8.45-9.00
2. Бой жазу жаттығулары 9.00-9.30
3. Оқу сабақтары 9.30-10.15
4. Қоғалмалы ойындар 10.20 -10.55
5. Тамақтану 11.00-11.25
6. Саяхат 11.30-12.40
7. Қоштасу сәті. 12.50-13.0
Сауықтыру лагері дәрігерінің жұмыс жоспары
- Күнделікті сауықтыру алаңына келген балаларды тексеріп қабылдау және күнделікті бойы, салмақтарын, денсаулықтарын тексеру;
- Берілген тағамның дәмділігін, сапасын, дұрыс пісірілгенін тексеру;
- Асханада жуылатын ыдыс-аяқтың және күнделікті пайдаланатын залалсыздандыру заттарын қадағалау;
- Күнделікті сауықтыру шараларын жүргізу;
- Балалар ойнайтын бөлмелердің тазалығын қадағалау;
- Жеке бас гигиенасына қажетті жабдықтардың болуын тексеру;
- Тіс күтімі, ішек құрты, қан аздық, сары ауру, жеке бастың тазалығы, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, салауаттану, шынығу, көзге жаттығу жасау туралы әңгімелер өткізу;
- Саяхатқа шығар алдында зиянды жәндіктер,олардан қорғану шаралары туралы әңгіме өткізу, саяхат кезінде қадағалау;
- Әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу туралы әңгімелесу;
Тұрақты сөз тіркестері/ Мақалдар/Сен білесің бе?
![]() |
«Ботақан»жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы
Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды демалдыру жыл сайын дәстүрге айналған шара. Биыл «2022жыл - Балалар жылы» болғандықтан да балалардың өмір қауіпсізідігі мен демалысына, дамуына көп жұмыстар жүргізіледі.
Мектебімізде «Ботақан» мектеп жанындағы сауықтыру лагері әдеттегідей өз жұмысын 1 маусым күні бастап кетті.
«Ботақан» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалынды.
Лагерьдің жұмыс уақыты 09:00-ден 13:00-ге дейін өтті.
1 маусым күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, «Ботақан» лагерінің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шара ерекше форматта өтті. Ағылшын клубы , жазғы сауықтыру лагері, дене шынықтыру мұғалімдері ұйымдастыруымен өткен мереке балаларға қатты ұнады. Балалар үш тілде көңілді әндер айтып, би би-леп, эстафеталық ойындарға қатысты.
Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс-шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. Балаларды Отанымызды сүюге, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатынды 3 маусым «Рәміздер-ұлттық мақтанышымыз!» атты іс-шара өткізілді. Сондай-ақ лагерімізге С.Мұқанов атындағы қазақ театрынан «Күншуақ» тобы келіп, балалармен қызықты қозғалмалы ойындар,т үрлі тапсырмалар өткізіп, тамаша әсер қалдырды.
«Ботақан» лагері балалардың жазғы мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану, балалармен әртүрлі бағыттағы мәдени- көпшілік іс- шараларды ұйымдастыру мақсатында лагерь аймағынан тыс қаламыздың көрікті жерлері «Ботаникалық бақ», СҚУ обсерваториясына, ІІолиция Департаментінің музейіне барып , дүниетанымдарын дамытты.
«Қоршаған орта күніне» арналған «Жеңіс саябағына» серуен ұйымдастырылды. Таза ауада әкелген тамақтарын жеп, түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті.
Сонымен қатар «Көлеңке театры», «Көрермен сағаты», «Жүйрік болсаң, жеңіп ал» спорттық жарыстар, «Лагерь аруы-2022» атты түрлі іс-шаралар демалушыларды өте қызықтырды.
Лагердің жабылуына арналған іс-шарада оқушылар 12 күндегі алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп, ризашылықтарын білдірді.
Жазғы “Summer Camp - 2022” ағылшын лагерінің
ЕСЕБІ
“Summer Camp - 2022” жазғы ағылшын лагері дәстүрге сай биыл да жалғасын тапты. Биылғы жылы оқушылармен олқылықтарды түзету жұмыстарының ұйымдастырылуына байланысты ағылшын лагері 2 ауысымда 30 мамырдан 8 маусымға дейін 1-ші ауысымда, 8 маусымнан 17 маусымға дейін 2-ші аусымда ұйымдастырылды.
Биылғы жазғы лагерь Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясының Тұжырымдамасына сай келесі жоспар бойынша ұйымдастырылды:
“Summer Camp 2022” лагерь жұмысының
маусымдық ЖОСПАРЫ
v1-ші күн: «Кел танысайық, балақай! » v2- ші күн: “BALA TIME KZ – What we know” Лагердің биылғы маусымының ашылу рәсімі v3-ші күн: Білімді бала v4-ші күн: Отбасы – қауіпсіз мекен v5-ші күн: Баласын жетімсіретпеген ел v6-шы күн: Жайлы мекен v7-ші күн: Бала қорғау v8-ші күн: “BALA TIME KZ – What we have learnt” - Лагердің биылғы маусымының жабылу рәсімі |
Жоспарға сай күнделікті лагерь жұмысы төмендегідей ұйымдастырылды:
|
Алғашқы күні лагерьге жазылған оқушыларға күн тәртібі мен лагерь ережесі таныстырылды. Лагерь ережесі төмендегідей болды:
- Be friendly! Be helpful! Be honest! Be active! Speak only English!
- Лагерьдегі оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, бір ұжым болып қатысу шарт болғандықтан, ережелер де осы қағида негізінде бұрыннан белгіленген:
- Бауырмал бол! Көмектесе біл! Адал бол! Белсенді бол! Тек ағылшынша сөйле!
üЖоғары да айтылған тұжырымдама мен лагерьдің күнделікті жоспары негізінде оқушылар лагерьге күнделікті 9.00 де тіркеліп, арнайы бекітілген дене шынықтыру мұғалімімен бірге таза ауада таңғы жаттығуларды орындап отырды.
üТұжырымдама тақырыбына сай жаттығудан соң ағылшын тілінің тілдік дағдыларын дамыту мақсатында оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым тапсырмалары ұйымдастырылып отырды. (мысалы: «Білімді бала» тақырыбы – тақырыпқа сай шет елдегі өзінің еңбекқорлығымен бірқатар жетістіктерге жеткен мектеп оқушысы жайында видео көрсетіліп, оқушылар оны тыңдап, тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісті. «Баласын жетімсіретпеген ел» тақырыбына сай жетім балалар жайында мәтінмен жұмыс жүргізілді)
üБілім-білік-дағды сабағынан соң балалар арнайы алдын-ала бекітілген мәзірге сай тамақтанып отырды.
üТамақтан соң балалар өздерінің және пән мұғалімдері ұсынған ағылшын өлеңдерін оқып үйренді.
üӘннен соң балалардың өздерінің ұсынысы бойынша мектептің спорт алаңында спорттық ойындар ұйымдастырылды.
üСпорт уақытынан кейін оқушылардың бүгінгі күні ең сүйікті болып отырған “ART” сағаты ұйымдастырылды. Бұл жұмыс та тақырыпқа сай топтық жұмыста ұйымдастырылды. Түрлі постерлер мен шағын жобалар жасалынды. («Who is a clever boy/girl?»(«What is your ideal house/room/flat? «How can we help the nature?» т.б.)
üКүн тәртібіне сай оқушылаға күнделікті ағылшын тілінде 1 ауысымға мультфильмдер көрсетілсе, екінші ауысым “The crown” киносын тамашалады.
Соңғы күні лагердің жабылу рәсімінде оқушылар бар білгендерімен бөлісіп; ән айтып, би билеп, түрлі викториналық тапсырмалар орындап, шағын қойылымдар қойып лагерьді сәтті аяқтағандары үшін лагерь ережесіне сай «Ең білімді» «Ең қамқор» «Адал дос» т.б. номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталды.